Қазақстандық дәрігер ғалымдар әдетте қан тоқтату үшін қолданылатын «аминкапрон қышқылы» препаратының адам ағзасын радиациядан тиімді қорғай алатынын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. Тәжірибелер зертханадағы егеуқұйрықтарға жүргізілді. Бұл кеміргіштердің кезінде Чернобыль немесе Фукусима атом стансаларында болған апаттар кезінде тірі қалғаны айтылады. Оларға әуелі адамзатқа жарты ғасыр уақыт таныс болған аминкапрон қышқылы енгізіліп, одан кейін екі рет иондаушы радиациямен сәулелендірілген. Егеуқұйрықтар қырылмақ түгілі, радиацияның қандай да бір әсерін сезінген жоқ. «Біз оларға препаратты ұнтақ түрінде бердік. Ол сондай-ақ дәрі түрінде де болады. Бұл ретте биосіңімділігі өте жоғары. Егуді қажет етпейді. Оған қоса, асқазан-ішек жолдарының ішкі тіндерін қорғайды. Ал радиацияның ең танымал әрі қауіпті әсері – аш ішек қызметінің бұзылуы», – деп баяндады Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ҒЗИ-ның директоры Тимур Салиев. Тәжірибе кезінде аминкапронқышқылының қосымша пайдалы қасиеттері ашылғаны хабарланып отыр. Осылайша, оның еркін радикалдарды бұзып, жастық шақты ұзарту қасиеті бар. Одан жасалған препарат сондай-ақ Альцмейгер ауруының алдын алуға көмектесе алады, бірақ әзірге ғалымдар оның радиациядан қорғау қасиетіне ерекше назар аударып отыр. Телеарнаның мәліметінше, қазақстандық ғалымдар препаратқа патент алып үлгерген. Енді оны алдын алу шаралары ретінде АЭС қызметкерлері немесе сәулеленуге тап болған адамдар қолдана алады.
ERNUR.KZ