Көрнекі сурет: Hakan Nural/Getty Images

Халықтың туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 75,09 жас болды. Осылайша кейінгі 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, көрсеткіш ұзақмерзімді өсімнен кейін 2020-2021 жылдары пандемия кезінде төмендеп, одан кейін қайта қалпына келе бастаған.

Бюро мәліметінше, қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 75,73 және 74,02 жылдан.

Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да артып, 79,06 жас болды (2022 жылы – 78,4), ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,99 жас (2022 жылы – 70,2 жас).

Халықтың тууы кезіндегі өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында ең жоғары – 78,28 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында – 72,41 жас.

Айта кетейік, туған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы – бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда сол ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!