Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» КММ-нің Қызылорда қаласы бойынша «Кондоминиум қызметін дамыту және тиімді басқару» әлеуметтік жобасы аясында «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен пәтер иелерінің кооперативтері арасында дөңгелек үстел өтті.

Мақсат – пәтер иелерінің кооперативтері (бұдан әрі – ПИК) «Тұрғын үй қатынастары» туралы ҚР-ның заңына сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін серистік мекеме болып қайта құрылып, 2021 жыл ішінде ПИК тұрғындарға Кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа формаларын меншік иелерінің бірлестігі мен жай серіктестікті құрудың алғы шарты.

Шара барысында «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының жоба үйлестірушісі С.Байдилдаев «Тұрғын үй қатынастары» туралы ҚР-ның заңына сәйкес 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін тұрғындар Кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа формаларын тоқталды.

Сонымен қатар, «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қорының жоба заңгері Н.Байменов ПИК компанияларының 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін борышты тұрғындардан қарыз өндіру бойынша заңнамалық баптарға тоқталып, заңдылықтарын түсіндірді.

Өз кезегінде ПИК-і «Тұрғын үй қатынастары» туралы ҚР-ның заңының Кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа формаларына тұрғындар әлі дайын еместігін алға тартып, заңның әлі де осал тұстары барын тілге тиек етті. Сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары» туралы ҚР-ның заңының Кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа формалары бойынша бастаманы иесіз үйлерден бастауды ұсынды.

Осы ретте, «Қазақылықтың атамекені» қоғамдық қоры жоба аясында Қызылорда қаласы, Д.Қонаев №39 үйді «Тұрғын үй қатынастары» туралы ҚР-ның заңының Кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа формаларының бірі жай серіктестікке өткендігін баяндалды.

Шара соңында ПИК өкілдері Қызылорда қаласы, Д.Қонаев №39 үйді «Тұрғын үй қатынастары» туралы ҚР-ның заңының Кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа формасы бойынша тәжірбие алмасуға ниетті екендіктерін алға тартты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!