Ақтөбе облысында тас жолдың бойындағы қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясына Бадамша ауылы маңындағы «Рождество – Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар түсті. Нәрестенің денесі қара полиэтилен пакеттің ішінде болған.Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!