Омбы облысының тұрғыны құймақ жеу сайысына қатысып, түйіліп өлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздерінше, мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда «Коммунальник» шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған. 

«Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға, құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған», – деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне.

Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!