2022 жылдың қыркүйегінде жоғалған кеткен Маңғыстау облысының тұрғыны аман-есен табылды. Бұл туралы 15 ақпан сәрсенбі күні Lider.kz еріктілері мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнеу ауылында 2022 жылғы 29 қыркүйекте үш баланың анасы 27 жастағы Жәния Абдуллаева   ауруханаға жұмысқа кетіп, үйге оралмаған. Жоғалған күні әйел Бейнеу – Маңғыстау пойызына билет сатып алған.

Туыстары Жәнияны іздеу үшін еріктілер мен құқық қорғау органдарынан көмек сұраған еді. 

Абдуллаеваның қайда болғаны, қайдан табылғаны және не болғаны нақтыланған жоқ. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!