Қазақстанда коронавирусқа байланысты «қызыл» аймақтағы өңірлер бойынша мәлімет жаңарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта 10 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары. 

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.