Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында иемдену, пайдалану немесе өткізу дерегін анықтады. Қармақшы ауданында тұратын 2 азамат екі мекен жайда сыйымдылығы 0,5 литрлік 2647 дана, 0,2 литрлік 889 дана және 1 литрлік 840 дана арақ өнімдерін сақтаған.

Аталған азаматтар жалған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімдерін тергеумен анықталмаған тұлғалардан төмен бағада сатып алып, пайда табу мақсатында үстіне ақша қосып сату барысында құрықталған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Оқиға орнынан қарап тексеру барысында жалпы саны 4376 дана арақ өнімдері алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу талабына сәйкес, басқа ақпараттар жария етілмейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!