Қызылорда облысының жолдарында малды қағып кетудің 5 фактісі тіркелді.

Оқыс оқиғалар кезінде жол апатынан 2 адам қаза тапты және 11 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

«Қызылорда облысында жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзудың 1312 дерегі анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес айыппұл салынды. Онда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген», – делінген Қызылорда облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында малы бар тұрғындарға ескерту жасады.

«Құрметті облыс тұрғындары, орын алған жол-көлік оқиғаларын ескере отырып, жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз», – деп мәлімдеді департамент қызметкерлері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!