Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 4 қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданды.

Олардың айтуынша, белгісіз біреу мамыр айында олардың  сеніміне кіріп, «жұмысқа тұрғызамын» деп ақшаларын алдап алған. Күдікті жәбірленушілерден жұмыс ақысы үшін 2 млн 725 мың теңге қаражатын алған. Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмыстары болмаған, не қаражаттарын кері қайтармаған.

Сол күні полицияға аудан тұрғынынан алаяққа алданып, осындай мазмұнда 800 мың теңгесін алып алдап кеткені туралы тағы да шағым түседі. Полицейлер зерделеу жұмыстарын жүргізе келе арызданушылар бір қала тұрғынына алданғаны мәлім болды.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол тұрғындардың әрқайсысынан 500 мың-1 миллион теңге аралығында қаражат алған. Жалпы келтірілген шығын 3 млн 500 мың теңге.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190  – бабының 3,4 – бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Қазіргі таңда күдікті азаматшаның басқа да  деректерге қатыстылығы анықталуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!