Kyzylorda-news.kz.  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қолдауымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен тағылымыды шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, мәдениет, өнер саласының өкілдері, ардагерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері , ұстаздар, жастар сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ақынның өнердегі достары қатысты.

«20000 данамен жарыққа шыққан туынды «халықтың психологиясын, ұлттық болмысын ескере отырып жазылды. Сөйлеуге дейін, Сөйлеу барасы, Сөйлеп болғаннан кейінгі аудиториямен жұмыс деп 3 бөлімнен тұратын әдістемелік құралда халықпен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасайтын адамға оның киім киісі, жүріс тұрысынан бастап, сөйлеу шеберлігі, аудиториямен жұмыс жасауға дейінгі барлық жаттығулар қамтылған», дейді автор.

Жиында сырдың серкесі атанған айтыскер ақын Серік Ыдырысов сөз алып, кітап авторына ақ батасын берді.

Ол «Сөз менеджменті» еңбегі қоғамымыздың қымбат қазынасына айналып, оқырман арқылы күнделікті кәдеге жарап жатса, үлкен олжа екендігін тілге тиек етіп, 2 дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын, кітап авторы Жандарбек Айтақынұлына Сыр жұртшылығының атынан сәттілік тілеп, қаламының ұштала беруіне тілектестік білдірді.

Тағылымды шара соңында оқырмандар автордың кітабына қол таңбасын қойдырып, онымен естелік суретке түсті.
Атап өтейік, «Nur Otan» партияcы тарапынан алдағы уақытта шешендік қабілетті шыңдауға бағытталған туындының негізінде жергілікті мәслихат депутаттары мен жастарды оқыту жоспарланып отыр.