«Қызылорда-Павлодар» тас жолы 12-шақырымында   жол ережесін бұзған жеңіл шетел автокөлігін  патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатты.

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі ерекше иісі бар шөп салынған полиэтилен пакеті алынды. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар зат 9 келіге жуық  «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.

Оқиға орнында күдікті ұсталып, ол 30 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.                  

«Бүгінгі күні күдікті Қалалық Полиция Басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.   

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!