«AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, фракция мүшесі Ғалым Әміреев Қызылорда қаласының жастарымен кездесу өткізеді.

Кездесу 18 мамыр күні, сағат 11:00-де Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі 15А, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында өтеді.

Кездесуге «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, фракция мүшесі Ғалым Әміреев, республикалық штаб мүшесі Б.Танбаева, облыстық штаб мүшесі, «Jas Otan»ЖҚ Қызылорда облыстық филалының төрағасы М.Жорабек, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық штаб төрағасы Ш. Әбдірахманов, жастар белсенділері мен студенттер қатысты.

Жиынның мақсаты – 5 маусымда өтетін Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумға байланысты Конституцияға енетін өзгерістер мен түзетулердің маңыздылығын түсіндіру және жастардың жеке ұсыныстарын тыңдау және талқылау.