Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың мамыр айының 12-14 күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Негізгі мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу болып табылады.

Талдауды жүргізу, нәтижелерді жинақтау үшін іс-шара өткізу кезінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасы, Тергеу басқармасы, Анықтау басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатарынан арнайы жедел-іздеу топтары құрылды. Бұл жұмыстар бақылауда болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!