Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2020-2021 жылдары жүйелік негізде COVID – 19 ПЦР сынамаларын теріс нәтижелері бар сертификаттарды жүйелі түрде тексерістен өткізбей сатумен айналысқан екі медициналық мекеменің қызметкерлерін анықтап, оларға қатысты қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Сұлтан Пирметов айтты.
ПЦР сынағының сертификаттары вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар, шетелге саяхаттайтын адамдар, Байқоңыр қаласына кіретін тұрғындар үшін және т.б мақсатта пайдалануға арналған.
Сонымен бірге, медицина қызметкерлері 1 анықтама үшін 7 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алу арқылы облыстық Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлеріне пара беруге итермеленген деген дерек те бар.
«Ағымдығы жылдың басынан бастап Қызылорда облысының тұрғындарына ПЦР тестінен өткендігі туралы 60 жалған куәлік анықталды. Осылайша, медицина қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде облыс азаматтарының шексіз саны тәуекелге ұшырады. Жедел іздестіру кезінде ПЦР COVID – 19 сынамаларының жалған сертификаттары жасалған компьютерлік жабдық пен мөр тәркіленді», – дейді Сұлтан Пирметов.
Арнайы мониторингтік топ өкілдері мен «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері жыл басынан дәріханалардағы дәрілік препараттардың бағасының негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатында 80 дәріханаларға, «СК-Фармация» мекемесінің облыстық қоймасы мен өңірлік емдеу мекемелеріндегі дәрі-дәрмек қорына мониторинг жұмыстарын жүргізген.
Мониторинг барысында азаматтарды ақпараттандыру мақсатында дәріханаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған көрнекі құралдарды және дәрілік препараттардың шекті бағалары жайлы ақпараттар мен QR- коды бар парақшаларды ақпарат тақталарына орналастырылған.
Емдеу мекемелеріне гуманитарлық көмек ретінде шет елдерден келген емдеу препараттары, медициналық қорғау жабдықтары, ИВЛ-аппаратары және т.б мақсатты таратылып, емдеу мекемелеріне толық жетуіне қоғам өкілдерімен бақылау жүргізілуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!