Қызылордадағы ЗК-169/1 тергеу мекемесіндегі конституциялық құқығы бар азаматтар референдумға қатыстырылды.

Дауыс берушілер учаскеге сергек көңіл күйде келді. Референдум 235 жабық учаскесінде таңғы 7:00 де басталды. Алғашқы болып 63 жастағы сотталған дауыс берді.

«Менің референдумда дауыс беруімнің жаңа Қазақстан құрудағы конституциялық заңдардың қабылдануына ықпалы бар екені бойыма сенім ұялатты», – деді сотталған.

Бұл сайлау учаскесіндегі референдум барлық талаптарға сай өтті.

«Дауыс беруге сот үкімі заңды күшіне енбеген күдіктілер мен айыпталушы 221 азамат қатысып, өз дауыстарын берді. Санитарлық талаптарға сай, алдын ала ғимарат іші дезинфекцияланып, желдетілді. Мекеме қызметкерлері дауыс берушілерге референдум туралы түсіндірме жұмысын жүргізген болатын», – деді мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Қ.Олжабаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!