Қызылордада тұтынушылар құқығын қорғауға байланысты түсетін шағым 30,4 есеге
Қызылорда облысында биыл тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 120 арыз-шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,4 есеге көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арыз-шағымның көбісі тұрмыстық қызмет, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда саласына қатысты болып отыр.
Құзырлы органга түскен өтініштердің 76-сына жауап берілген. Сондай-ақ, 22-сіне түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 21-і басқа мемлекеттік органға жолданған. Нәтижесінде тұтынушыларға тиісті қаражаттар қайтарылған.
«Елімізде тұтынушының құқығы заңмен қорғалады. Наурыз айында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Онда халыққа тауардың сапасына көңілі толмаса ақшаны қайтарып алуға мүмкіндіктері бар екені айтылды. Дәл сол жерден сатып алғаныңызды дәлелдеу үшін қолыңызда құжаттар (фискалды чек немесе тауар чегі, түбіртек) болуы тиіс. Сол кезде ғана тауардың ақшасын қайтарасыз немесе басқасына ауыстырып алуыңызға мүмкіндік болады. Әркез тұтынушы өз құқығын білуі тиіс», – деді Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Оңтүстік Кореяға виза жасап берем деп 5 адамды алдаған қызылордалық әйел ұсталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!