Kyzylorda-news.kz. Қызылордада велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Жарысқа еліміздің облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 70-тен аса велошабандоз қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде 25 шақырымдық жекелей жарыста Алматы облысының спортшысы Андрей Ремхе жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Егорь Стрельников алса, үшінші орынды солтүстікқазақстандық Алексей Ваганов иеленді.

Жарыстың екінші күнінде 83 шақырымдық топтық жарыста қызылордалық Аслан Силықбек мәреге бірінші болып жетті.Екінші және үшінші орындарға солтүстікқазақстандық Генне Данил мен Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Кирилл Стрельченко жайғасты.

Ел чемпионаты 11 сәуірге дейін жалғасады.