Қызылорда облысының орталығында жаңа сауда үйі ашылды.

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов Ұлттық сипат алған Республика күні мерекесі аясында бүгін «РЗА» сауда орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Қандай да бір өрге басар істің артынан сабақтастық пен үйлесімділікті көруге болады десек, қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып келеді.

Жан-жақты қолдаудың, кәсіпкерлікті дамытуға арналған түрлі бағдарламалардың нәтижесінде облыс орталығымен қатар, кент, елді мекендерде де кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар саны артып, кәсіпкерлік нысандары да көбеюде. ұл – соның арқасында жұмыссыз азаматтардың да саны кеміп, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деген сөз. Мысалға, жаңа сауда орталығын ашқан жеке кәсіпкер Серік Манақбаев 25 адамды жұмыспен қамтып, соншама отбасына жақсы мүмкіндік сыйлап отыр.

Салтанатты рәсімде сөз алған қала әкімі Асылбек Шаменов жаңа сауда үйінің тұрғындарға сапалы өнім ұсынып, тиімді қызмет көрсетуіне тілектестігін білдіріп, қала тұрғындарын елдіктің тұтқасы, өрліктің нұсқасы болған Республика күнімен құттықтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!