Қызылордада полиция жаппай төбелеске қатысқандарды ұстады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 20 мамырға қараған түні қала тұрғындарынан жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде хабарлама түскен.

Жастардың екіге бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды. 

Төбелеске қатысқандардың барлығы 25-30 жас аралығындағы қала тұрғындары болып шықты. Олар міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді.  

ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды, деп қосты полиция.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!