Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің нұсқауына сәйкес ЗК-169/4 мекемесінде кәсіби саптық байқау өтті. Онда қызметкерлердің нысанды киім үлгілері тексеріліп, сыбайлас-жемқорлықты алдын-алу, әдеп кодексі, қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау туралы түсіндірме жүргізілді.
Сонымен қатар саптық байқау барысында қызмет уақытын тиімді пайдалану, қоғамдық орындарда резананс тудыратын оқиғаларға араласпау қажеттігі айтылды.

  • Жоспарға сәйкес апта сайын өткізілетін саптық байқау арқылы қызметкерлердің өз ісіне жауапкершілігін арттырамыз. Әрбір маманның заңды білуі, нысанды киіміне ұқыптылықпен қарауы өте маңызды,-деді ЗК-169/4 мекемесіндегі кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Д. Оспанов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!