Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичи елдегі зілзала салдарынан 1858 баланың жетім қалғанын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Астанадағы Түркия елшілігі брифингте әлі 213 баланың құжаттары табылмағанын алға тартты.

«Ресми деректерге сәйкес 1858 жетім баланың 1645-і құжаттарын тауып, жеке басы анықталды. 1314-і туыстарымен байланыса алды. Алайда әлі 213 баланың құжаттарын таба алмай отырымз», – деді елші.

Ол жетім балалардың қазір мемлекет қамқорлығында екенін айта кетті. Ал туыстары бар балалар сол жақындарына беріледі. Қазір мемлекет тарапынан балаларға жан-жақты, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр екен.

Елші көптеген адамдар жер сілкінісі салдарынан жақындарынан айырылған балаларға патронаттық тәрбиеші атанғысы келетінін түсіндірді.

«Бұл балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді. Егер табылса, Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады», – деп түйіндеді Экичи.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!