Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы 8 айда мұндай оқиға бесінші рет қайталанып отыр.

Шымкентте Қаратау ауданындағы Ақжайық №2 ықшам ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан алты жасар бала құлап кеткен. Жеткіншек бел омыртқасының сынуы, іш қуысының жарақаты, жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға 28 тамыз күні болған. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы 8 айда мұндай оқиға бесінші рет қайталанып отыр.

Департамент ата-аналарды сақ болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады:

  1. Терезелерді ашық қалдырмау;
  2. Шіркейлерге арналған арнайы тор ілініп тұрса, баланы ол жерге жақындатпау. Бала терезеден белгілі бір кедергіні көріп оған сенімді түрде сүйенуі мүмкін. Нәтижесінде тор салмақты көтермей баланың құлауына себеп болады;

3.Балалардың терезенің жанында ойнауына жол бермей, оларды бір секундқа да қараусыз қалдырмаңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!