ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

СҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 15 ақпанда Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсткен.

Аталған факт «Зорлау» бабы бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

«Көп ұзамай полиция қызметкерлері Булаев қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Аталған фак бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады», – делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!