Қызылорда қалалық сотында 2020 жылдың 12 айдағы  қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Онлайн баспасөз конференцияны Қызылорда қалалық сотының  төрағасы М.Ж.Еркінбеков жүргізді.

Қызылорда қалалық сотына 2020 жылдың 12 айында  9 640 азаматтық іс пен талап арыз түскен. Аяқталған азаматтық істердің саны 8 067 істі құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 2 365 іс пен талап арызға азайды. Азаматтық істердің басым көпшілігін талап қою бойынша қаралған 5 417  іс құрады.

Есепті кезеңде негізінен қаралған істердің санаттарын еңбек ақы өндіру туралы – 61 іс, жұмысқа қайта орналастыру туралы – 42 іс, неке бұзу туралы – 1 352 іс, заңдық маңызы фактілерді анықтау туралы – 407 іс, жер құқық қатынастарына байланысты даулар бойынша – 115 іс, зиян өндіру туралы 40 – іс, оның ішінде моральдық зиян өндіру туралы – 22 іс, денсаулыққа келген зиянды өндіру туралы – 7 істі құрап отыр.

Сонымен бірге, сот судьялары және сот қызметкерлерімен жариялықты қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау мақсатында, БАҚ-да  мақалалар жарияланып, онлайн сұхбаттар беріліп жатыр. Сонымен қатар «Ашық есік күндері» онлайн түрде өткізіліп жатқандығын және семинарлар еліміздегі карантиндік режимге байланысты уақытша тоқталып тұрғанын атап көрсетті.

Іс-шара соңында баспасөз өкілдері өз тараптарынан тақырып аясында сауалдарын қойып, жауаптарын  алды.

Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!