Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары сотталғандарға тегін медициналық қызмет көрсету жөнінде келісімге келіп, өзара меморандумға қол қойды.
Яғни ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелеріндегі сотталған азаматтарға медициналық көмек көрсету, тексеруден өту, онкологиялық, эндокриндік аурулары бар жазасын өтеушілерге тегін дәрі-дәрмектер беру мәселесі шешілді. Осыған орай бүгінгі таңда ЗК-169/5 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан 32 азаматқа дәрігерлік ұсыныммен диагноздарына сәйкес түрлі ота тағыйындалды.
Бүгінде көпбейінді облыстық аурухананың күндізгі стационар бөлімінде кезекпен ота жасауға келісілді. Сонымен қатар, сотталғандарға арнайы жарақталған 4 адамдық палата 6 адамдық палатаға ауыстырылды,-деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!