Фото: Halyq Uni

Halyq Uni. Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 15 қытайлық компания шамамен 300 млн теңге аударды, деп хабарлады Kazakh inves ұлттық компаниясы.

PetroChina International Kazakhstan және оның еншілес кәсіпорындары 100 млн теңгеден аса қаражат аударды. JAC автоконцерні «Аллюрмен» бірлесіп, 100 млн теңге, ал GEO-Jade Petroleum Қытай мұнай-газ корпорациясының қазақстандық филиалы 70 млн теңге бөлді. Қытайлық «Сиань Айцзю» астық компаниясы «Солтүстік Қазақстан апаттарына көмек қорына» 3 млн теңгеден аса қаржы бөлді. Қытай Ұлттық химиялық инженерлік корпорациясы мен China Tianchen компаниясы су тасқыны салдарын жоюға бірлесіп қатысып, 1,7 млн теңге қайырымдылық жасады. Сондай-ақ қазақстандық JXC компаниясы 1,8 млн теңге сомаға мотор майын сыйға тартты.

Осылайша, 15-тен аса Қытай компаниясы тасқыннан зардап шеккен халыққа 300 млн теңге аударды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!