Фото: Sputnik / Антон Денисов

Sputnik. Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында 53 отбасы баспаналы болды, деп хабарлады үкімет.

Үкіметтің мәліметінше, 530 отбасы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және тұрғын үйді қалпына келтіруге 696 миллион теңге алды.

«Зардап шеккен облыстардың тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер бере алады Бүгінгі таңда 24 835 өтінім қабылданды», – делінген хабарламада.

100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш 2024 жылы 3 692 теңгені құрайды) мөлшеріндегі біржолғы төлемді 5,7 миллиард теңгеден астам сомаға 16 168 отбасы алды. Өлген мал үшін 916 миллион теңгеден астам төлем берілді.

Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 4556 тұрғын үй зерттелді, 2845 нысанға бағалау жұмыстары жүргізілді.

Шығынды өтеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр және үкіметтің қатаң бақылауында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!