Фото: @egovpress

Тараз қаласының тұрғындары қала көшелеріндегі жаңа салынған арық жүйесіне шағымданды. Олар көпірлері бітеу арықтан судың қалай ағатынын түсінбей дал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушысы қала көшелеріне салынған арықтардың сапасына шағымданды. 

«Арықты осылай жасай ма?  Олардың қолдары ғана емес, аяқтары да басқа жерден шығып тұрған сияқты. Мынау арнайы бітеу ме? Мына жерде тіпті судың қайда ағатыны белгісіз. Бітеп тастаған ба әлде қазбаған ба? Мына жер де қазылмаған. Қалай болса, солай. Мына жағы қисық. Бұл қандай арық?”,-деді қала тұрғыны.

Айтуынша, арық арқылы ағатын судың ары қарай қайда кететіні белгісіз. Көпірлердің асты бітеу.

Жағдайға қатысты Stan.kz тілшісіне Тараз қаласының әкімдігі жауап берді. 

«Сіздердің өтініштеріңіз негізінде қаладағы арық желілерін қалпына келтіру жұмыстары әлі аяқталмағанын хабарлаймыз. Бұл жұмыс былтыр ауа райының суытуына байланысты уақытша тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта арық салу жұмысы қайтадан жүргізіліп жатыр», – деп жауап берді әкімдік. 

Жарияланған видеоның астына басқа тұрғындар өз пікірлерін жаудырған.

«Арық осылай салына ма? Су ары қарай қайда ағады? Қалай болса, солай салынған», «Аққан су жол арқылы секіріп өтіп әрі қарай ағады деп ойлайтын шығар» деп жазған желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!