Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Конституцияда мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық екендігі айқын көрсетілген. Өтіп жатқан референдум ата заңымыздың осы негізгі қағидасының жүзеге асырылуының айқын көрінісі.
Өз кезегінде ел тағдырын анықтайтын маңызды саяси шараны ақпараттандыру, оның мәні мен мазмұнын көпшілікке жеткізу бойынша «AMANAT» партиясы тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта партияның барлық құрылымдық бөлімшелері, Сенат депутаттары мен Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардағы барлық фракциялар мүшелері, партияның бастауыш ұйымдары мен жақтастары үгіт-насихат шараларына бір кісідей қатысты. Мұнан бөлек партия тарапынан өңірдегі барлық дауыс беру орындарында арнайы өкілдеріміз қатысып, халық таңдауының заң талаптарына сәйкес өткізілуіне қоғамдық байқау жасауда. Олардың мәлімдеуінше тұрғындардың референдумға қатысу белсенділігі жақсы деңгейде және дауыс беру процесінде заң бұзушылықтар орын алмаған. Бұл бір ай көлемінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізген әріптестеріміздің халық игілігі жолындағы жұмыстары нәтижесінің жоғары болғанын көрсетіп отыр.
Жалпы Ата заңға өзгерістер енгізу бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыхалықтық референдум біздің өңірдегі барлық 373 сайлау учаскелерінде заңнамалық талаптарға сәйкес жұмыс жасауда.
Менде бүгін өз дауыс беру учаскеме барып, алғашқылардың бірі болып, өзгерістер үшін өз таңдауымды жасадым. Байқағаным, референдумға таңертеңнен келіп жатқан халықтың қарасы мол. Бұл Сыр жұртшылығының ел болашағын айқындайтын оң өзгерістерге бей-жай қарамайтынын көрсетеді.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, ел ертеңі үшін маңызды саяси шараны ұйымдастырушылар мен қатысушы жерлестеріміздің жұмысына сәттілік тілеймін!
Л.Төрешова
«AMANAT» партиясы
облыстық филиалының Атқарушы хатшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!