Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогаканың мұралары, ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады. Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін енгізу арқылы қаны да, жаны да таза, елін, жерін, тілін қастерлей алатын азамат дайындауға жол ашылады. Бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін және әлемдік мәдениет құндылықтарын енгізу мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Осы құндылықтар жаһандану жағдайында мәдени қарым-қатынас және ұлттық тәлім-тәрбие құралы болмақ.

Жеке тұл­­ғаның дамуы оның әре­кеті­нен  және бас­қа адам­дармен ой ал­масу, сон­дай-ақ сана-се­зімінің пісіп же­тілу үрдістерінде өте­ді. Жеке тұлғаны әлеу­меттендіру мек­теп­­те атқаратын  іс-шара­­ларда негізгі орын ала­ды. Яғни, оқушының өмірге деген көзқарасын, адамзат мәдениетін мең­герту, қоғам­дағы орнын еркін табуы, ұлтаралық мәдени қатынас­тарды меңгерту мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізі. Сондықтан алдымызда­ғы негізгі міндет – білімді, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ұрпақтың бо­йына қайырымды­лықтың, ізгіліктің дәнін сепсек деп ойлаймыз. Ал оның барлығы ұлттық тәрбиемізден бастау алатынын кейде естен шы­ғарып аламыз. Ендігі бөлек Еуропаның, белдігі бө­лек Батыстың мәде­ниетін жоғары санап, соған басым­дық беріп, ұлттық тамыры­нан ұзап бара жатқан ұрпақ өз ара­мызда өріп жүр. Соларға салт-дәстүр, та­ным-түсі­­ні­гімізді ба­рын­­ша сауатты тү­сін­діріп, орта­мыз­ға қайта орал­ту міндеті тұр алдымызда. Қа­­зақи орта үшін әуел­ден тән қасиет үл­­кенді қадір­леу, қонақ­­жай­лылық, қор­шаған ор­та­ға құр­­метпен қарау, туыс­­­­қандық ты­ғыз бай­ла­ныс орнату, бала­­жандылық, ең­бек­­­сүй­гіштік, жан-жануар­ларға жанашыр­лық та­ныту тағы да бас­қалары – тұрмыс-салты­­мыз­бен тығыз байла­­нысты дү­ниелер. Сон­дай-ақ ата-ана өз баласына ата-баба салтын сіңірудің алғышартын жасаса, қалғанын білім ұялары қостап әкету керек. Сонда ғана елін, жерін сүйетін шынайы патриоттар қатары көбейеді.

Мемлекеттің негізгі басымды­­ғы  – балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Ұстаздар қауымы  да жаңаша әдіс-тәсіл іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында қолданса бала тәр­биесі алға басары сөзсіз.

Гүлзада Нұрмағанбетова,

И.В.Панфилов атындағы

№5 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!