Талдықорғанда аула сыпырушы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәйіттің табылғаны туралы жергілікті қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 4 шілдеде таңертең мәлімдеген. Кейін ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады. 

«07:00 шамасында аула сыпырушы мәйітті тауып, 102 нөміріне хабарласқан. Полиция қызметкерлері баланы мәйітханаға алып кетті. Бұл – ақ сүлгіге оралған қыз бала», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!