Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ол үйлену тойды қашанға жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/erke_esmahan

Қаңтар айында некелескен жұлдызды жұптың өмірі көпшілікке қызық. Әншінің оқырмандары тойдың қашан болатынын сұрады.

“Бұйырса жазда. Мен той қаламап едім. Күйеуім үлкен той жасаймын деп қоймай отыр. Мен келістім”, – деп жауап берді Ерке.

Өнер иесінің тұрақты оқырмандары оның әлеуметтік желіге сирек шығатынын байқады. “Неге келіндік өміріңізді көрсетпейсіз?” деген сауалға әнші: “Әлі толықтай келін емеспін. Алда бұйыртса, сырға салу, құда түсу, құдалық, беташар бар. Сосын супер келіншек боламын”, – деп жауап қайтарды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!