2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина саласы  қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, деп хабарлады президент

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге алғыс білдірді. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы 7 сәуірде Дүниежүзідік денсаулық күні екенін еске салды.

«Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, корнавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр», – деп жазды президент.

Тоқаев қолжетімді және сапалы медицина жүйесі жалпыұлттық басымдық екеніне назар аударды.

«2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін», – деп жазды президент.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты дайындаған «Спутник V» вакцинасын салдырды.

1950 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде аталып өтеді. Биыл бұл мереке пандемия кезінде сапалы медицияналық көмек алу кезіндегі тең мүмкіндіктер проблемасына арналған.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!