Ел билігі 11 провинцияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарда тексеру жүргізіп, 696 күдіктіні анықтаған.

Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін 188 құрылыс компаниясының басшылары мен мердігер қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Ел билігі 11 провинцияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарда тексеру жүргізіп, 696 күдіктіні анықтаған. Соның нәтижесінде 188 адам қамауға алынды.

Сондай-ақ, жер сілкінісі болған аймақтарда ұрлық жасады деген күдікпен 306 адам ұсталған.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның бірнеше провинциясында 7,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Қаза тапқандар саны 42 мың адамнан асты. Осы жер сілкінісі салдарынан Сирия тұрғындары адам қатты зардап шекті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!