Түркістан облысы Қазығұрт ауданында үйлердің бірінің ауласындағы дәретхана шұңқырына бір жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

12 мамырда «112» пультіне жергілікті үйлердің бірінің ауласында орналасқан тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2021 жылы туған баланың құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

«Сағат 15.03-те құтқарушылар баланы құтқарушы арқанмен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігердің тексеруінен кейін бала үйіне шығарылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!