Сурет: Zakon.kzӘлеуметтік желілерде Түркістан облысының Арыс қаласында ер адам 5 жасар қызды зорлағаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.Онда жәбірленуші қыздың көмейі жыртылып, жансақтау бөлімінде жатқаны жазылған.

Полиция бұл жағдайға түсініктеме берді.

«Арыс ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», –  делінген полицейлер берген хабарламада. 

21 мамырда Арыс ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінген.

Полицейлер күдіктіні жедел іздестіру шаралары кезінде қолға түсірді. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

«Бұл факті ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Полицейлердің қыздың жағдайы тұрақты екенін айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, қандай да бір дене жарақаты табылмаған.
Қазір қыз үйінде ата-анасының жанында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!