Қызылорда қалалақ ішкі саясат бөлімі мен SHABYT_KZO қоғамдық қоры мүмкіндігі шектеулі балаларды қолөнерге баулу мақсатында арнайы үйірме жұмысынұйымдастыруда. Үйірме Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде орналасқан.

«Балалар жылы» қарсаңында қолға алынға игі шара балалардың жазғы уақыттын тиімді өткізу, өнердің алғашқы баспалдағын өткеру үшін жүзеге асырылмақ. Қазіргі таңда барлық үйірме ақысыз негізде жүргізілуде. Үйірмеде тоқыма тоқу, бисермен тігу, аппликация өнеріне арналған қолөнер сабақтары қамтылатын болады.

Сонымен қатар балаларды спорттық сайыстарға қатыстыру, сергіту бағдарламасын әзірлеу қолға алынған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!