Ұялы телефон қысқа уақыттың ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Олар 1980-ші жылдан бастап қолжетімді бола бастады. Алайда, оларды кіші және ыңғайлы ететін технологиялар шамамен XXI ғасырдан бері біртіндеп дамуда. Әлемнің барлық елдерінің миллиондаған халқы ұялы телефондарды тәулік бойы пайдаланады.
Тіпті бұрындары адамдар ұялысыз қалай өмір сүргенін елестету қиын.
Бірақ ұялы телефонның зиян тұсы бар. Бүгінгі күні оның денсаулыққа әсері туралы деректер іс жүзінде жоқтың қасы. Мұны осындай зерттеулердің күрделігімен, қымбатқа түсетінімен және ұзаққа созылатындығымен түсіндіруге болады.
Осыдан «ұялы телефон біз ойлағандай қауіпті ме?» деген сұрақ туындайды. Кез-келген ортада ұялы телефонға термілген студенттерді байқаймыз.
Ауылдан қалаға білім алуға келген жас телефоннан бас алмайды. Жастар ұялы телефонның «құлына» айналғандай. Әлеуметтік желі жастарымыздың мінез-құлқына, адамдардың араласуына күнен күнге кері әсерін тигізуде.
Оны қажетке жаратып, орынды пайдаланса нұр ұстіне нұр болары хақ. Қазақ халқындағы ақын, жазушылардың өміріне үңілсек, жастық шағын ілім, білімге арнап ұялы телефонсыз аты әлемге әйгілі болды.
«Ертеңің бүгіннен басталады» деген. Студенттік кезді бос өткізбей, білімге арнап, ел болашағын бірге ойлайық !

Аида ЖОЛДАСБЕКОВА,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!