ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы «Қаңтар оқиғасында» қаза болған Қызылордадағы 5547 әскери бөлімінің сарбазы Мадияр Қайсаровқа арнайы құран бағыштап, ас берді.

  • Өздеріңіз білесіздер бір отбасының аялап отырған баласы, қарағандылық жас сарбазымыз өз міндетін атқару барысында қазаға ұшырады. Бұл бәріміз үшін ауыр соққы болғаны рас. Жас та болса өзінің отанына адал қызмет еткенін ісімен көрсетті. Қыршын кеткен бауырымыздың ата-анасына, жақындарына ауыр қайғыларын бөлісіп, көңіл айтамыз,-деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шәймерден Есенкелдиев.
    Ел қауіпсіздігінің қалқаны боп жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары өз достары үшін жайылған дастарханнан дәм татты. Шара карантин талаптарына сай жүргізілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!