Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан

жаряланған байқауға

Есірткіге қарсымыз

         Нашақорлық – қоғамдық індет. Ата – бабамыз жақсыдан үйрен, жаманан жирен,-деп бекер айтпаған. Санасы жастарымызды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстап, салауатты өмір салтынаа баулу, денсаулық –зор байлық, жас ғұмырының жарқын болуының кепілі екендігін ұғындыру біздің басты міндетіміз. Меніңше, әрбір есті адам өзінен жақсы кісінің қасынан табылуға тырысады. Жастардың арасында есіріткіге әуестік көбіне білместіктен басталады. Ол қоршаған орта мен жасөпірімдердің мінез-құлқының бұзылуы, сондай-ақ қызығушылықтың әсерінен орны толмас өкінішке әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер өзге елдермен тереземізді теңестіріп, болашағы жарқын, алдыңғы қатарлы ел боламыз десекижастарды рухы биік,адамгершілігі мол, жігерлі де білімді, жан дүниесі таза, сауатты азамат етіп тәрбиелеуге тиіспіз. Баршамыз жұдырықтай жұмылып, жасөспірімдер мен жастарымыздың бос уақытын текке өткізбей, пайдалы мақсатқа бағыттап ел болып, халық болып, күш біріктіруге атсалысайық. Жаманнан сақтана білген қоғам ғана жанын сақтай алады.

Жармаханова Динара

Маралхановна

Қызылорда қаласындағы №7 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!