WhatsApp қосымшасының жұмыс істеуіне қатысты шағымдар Қазақстан, Ресей, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Индонезия, Франция, АҚШ және басқа да елдерден түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Bloomberg басылымы 25 қазанда WhatsApp мессенджеріндегі олқылықтар Meta сервисіндегі техникалық ақауларға байланысты болғанын хабарлады.

“Біз мәселені шештік және қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қосымшаның қысқа мерзімге өшуі  біздің тарапымыздан кеткен техникалық ақаудың салдары болды”, – деді агенттікке компания өкілі.

Еске салсақ, қосымшаның жұмыс істемей тұрғанына қатысты шағымдар Қазақстан, Ресей, Швейцария, Израиль, Испания, Египет, Сауд Арабиясынан түсті. Пайдаланушылар WhatsApp мессенджеріне кіру, хабарлама жіберу және файлдарды ашу кезінде қиындықтарға тап болған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!