Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалым ақысы төмендемейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Утильалымның бағасына ешқандай өзгеріс енгізбейміз. Менің министр ретіндегі міндетім – өнеркәсіп орындарын дамыту мен оның қуаттылығын арттыру. Осы мақсатта елімізде екі үлкен автокөлік зауыты салынып жатыр. Утильалым бағасын төмендеткен жағдайда, автокөлік зауыттары салынбай, жұмыс орындары ашылмай қалуы мүмкін», – деді министр.

Оның сөзінше, бізде көлік бағасы басқа елдермен салыстырғанда сәл жоғары немесе тең.

«Менің ойымша бізге де протекционизм болуы керек», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!