Астанада әлеуметтік желіге арнап контент түсірмек болған 35 жастағы блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның мәліметінше, ер адам атпен автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолағы арқылы қозғалған. Жылқы жол бойындағы тротуарды ластап, жасыл желекке зиян келтірген.
«Аталған құқық бұзушылықтар бойынша блогерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, заң аясында жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өзгелердің қауіпсіздігі мен қолайлылығына кедергі келтіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
