Жаңаөзен қаласында бұралқы иттер қызды талап тастай жаздады, деп хабарлайды «Актау-Лада» порталы.
13 жастағы қыз көшеде келе жатқан. Сол кезде оны бұралқы иттер қоршап, талап кете жаздады. Куәгерлер жануарларды үркітіп, баланы құтқарып қалған.
Айта кетері, жақында Ақтөбе қаласында жантүршігерлік оқиға болды. Бұралқы иттер 12 жастағы баланы талап тастады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы оқиғадан кейін марқұмның туған-туыстары бұралқы иттерді атуды талап етті. Ал жергілікті тұрғындар өз бетінше иттерді аулауға шықты.
Айта кетері, 2022 жылы 2 наурызда Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енген болатын. Оған сәйкес, емдеуге келмейтін және агрессивті иттерді ғана өлтіруге рұқсат беріледі. Ал қалған жануарларды стерилизацияға жіберу керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!