Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс, әлемді жаулаған індет екені бәріне аян! Қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың біріде сол сыбайлас жемқорлықпен күрес болып отыр.Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Қай мемлекетте болса да ең қауіпті құбылыс – жемқорлықтың жайылып, парақорлықтың дендеуі. Кез келген уақытта, кез келген қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлық әрекеттері және ол әрекеттермен күрес болып келген.

Сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайды, керісінше мемлекеттің дамуы тежеледі. Қазақстанның бұл мәселедегі ахуалы осы қоғамның кез келгенінің алаңына айналды. Бүгінде біздің қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған сала қалмады. Себебі, сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде кең таралған. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлық құбылысының қауіптілігі –ол мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетт пен сананы қалыптастыруды бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең (6 жасқа дейін) – бала отбасында тәрбиеленіп жатқанда, сондай-ақ, балабақшада жүргенде айналасындағы әлем туралы танып біледі. Осы кезеңде рухани және моральдық-адамгершілік құндылықтар қалыптасып, қоғамдағы мінез-құлық нормалары анықталады.

Екінші кезең (7-ден 18 жасқа дейін), бұл мерзім адамгершілік мәдениет, сондай-ақ, абырой, ұят, абырой, мейірімділік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттер қалыптасатын төменгі, орта және жоғары мектеп жасын қамтиды.

Бұл кезеңде сыбайлас жемқорлық пен оның зияны, құқықтық сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы идеологиялық сипаттаулар мен ұғымдарды қалыптастыру, заңды құндылықтарды, наным-сенімдерді, заңдылықты дамыту өмірлік жағдайларды шешуде тәжірибе алу дағдыларын дамыту қажет.

Үшінші кезең (студенттік шақ). Осы кезеңде қазақстандық патриотизмді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді өмірлік көзқарас қалыптасады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жеке тұлғаның құрылуының барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі маңызды екендігін атап өту қажет. .[1]

Отбасы – бұл бүкіл қоғам берік байланысқан, әлеуметтік институт. Отбасы – бұл барлық бастамалардың бастауы. Тұлға болып қалыптасуда отбасының алар орны басым. Отбасында мектепке дейінгі жастағы баланың мінезінің, оның әдеттерінің негізгі ерекшеліктері қалыптасады. Ал кішкентай бүлдіршіннің қандай азамат болып өсетіндігі отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа да тікелей байланысты. Отбасында жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек, өйткені, бұл оның сана-сезімінің қалыптасуына, құқықтық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіне әсер етеді.Ата-ананың басты міндеті – өз балаларын қоғамға пайдалы етіп өткеннің дәстүрлеріне құрмет көрсету рухында тәрбиелеу. Отбасында адал еңбек адамгершілік негізі ретінде үстем болуы керек, ал содан кейін ғана біз тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші қорғанысты қоямыз.[3]

Қазақстан Республикасының дамуы, халықаралық аренаға шығуы, дамыған елдердің қатарына енуі жас ұрпаққа байланысты. Осыған байланысты жастар толығымен жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, білімді, бірнеше тіл білетін және сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмайтын болуы керек. Әрине, ар-намыс, қадір-қасиет, әділдік, адалдық сияқты жоғары моральдық қасиеттерге ие адам заңды ешқашан бұзбайды және өз халқына лайықты қызмет етеді.

Бұл қасиеттердің барлығы бастапқы сатысында балаға, әрине, отбасында беріледі. Сондықтан, ата-ана баланы тек қана кәмелеттік жасқа дейін материалдық тұрғыдан ғана қамтамасыз етіп қоймай, рухани құндылықтарды санасына сіңіріп тәрбиелеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақты рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу – отбасының негізгі жауапкершілігі. Көптеген ғалымдардың айтуынша, бала ата-анасының айнадағы бейнесі іспеттес, сондықтан ата-ана баласына мысал болуы тиіс. Отбасындағы қарым-қатынас неғұрлым жоғары және таза болса, соғұрлым ол бала тәрбиесіне әсер етеді, яғни, тұлғаны физикалық, моральдық тәрбиелеудің және еңбекке баулудың нәтижесі жоғары болады. Осы сөз болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресуде, оның алдын-алуда оңтайлы, жағымды тәжірибелерді ескеріп, тек теорияда ғана емес, тәжірибеде пайдалануымыз қажет. Өйткені бізде азаматтық қоғам деген атау, түсінік бар ал олардың сыбайласқан жемқорлықпен күрестегі белсенділігін қазіргі кезге дейін байқалмай отырғандығына куәміз. Осы жәйт әрине бізді қатты қынжылтады. .[2]

Ойымды қорыта келе біз «бір жеңнен қол» шығарып біріксек осы дертті толық жоймасақта, оны азайтуға болады және бұл алғашқы қадамдардың бірі болар еді. Сондай-ақ, бұл дертпен сатылап күрессек, әрі ұтымды, әрі қолайлы болар еді. Әрбір азаматтың өз елінің патриоты,жанашыры ретінде – мемлекет алдындағы  орындауға тиісті борышы бар! Ол елінің құлдырауына емес- өркендеуіне үлес қосу! Сыбайлас жемқорлықпен күресу,мемлекеттің гүлденуі – сыртқы күштердің емес,сіздің,менің, өзіміздің қолымыздағы дүние екенін ескеру қажет

Серікқызы Ақбота,

01140200 – Музыкалық білім беру мамандығының

 ІІ курс студенті

Жетекшісі: Нурманова Актолкын Дархановна,

 педагогика ғылымдарының магистрі

Қызылорда облысы білім басқармасының

«М.Мәметова атындағы

Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1.А. А. Кладова, Н. В. Страхова, Т. Б. Волкова, Формирование антикоррупционного мировоззрения обучающихся общеобразовательных организаций, 2016
  2. Гацалов Р. Р. Антикоррупционное воспитание молодежи: проблемы формирования российской модели : сборник докладов Международной научно-практической конференции. – URL: http://isfic.info/SPBU/konf03.htm (дата обращения: 15.12.2017).
  3. https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=&ved=2ahUKEwiwrZ6aurL7AhWPuIsKHRagBYYQFnoECA4QAQ&url=https%3A%2F%2Fepo.rea.ru%2Fjour%2Farticle%2Fdownload%2F274%2F267&usg=AOvVaw1LkJMsfo_dxOo0V1BhzdMC

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!