Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Қызылорда облысында «Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық  іс-шарасы басталды.

Аталған шара кәмелетке толмағандар мен жастар арасында  қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау  бағытында және кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз  түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау, қылмысқа бейім, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алу мақсатында өткізілуде.

Іс-шара аясында құқық қорғау мамандары кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықты, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамайтын ата-аналарды анықтамақ.   Кәмелетке толмағандарға темекі және алкоголь өнімдерін сататын, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық кешендеріне заңды өкілісіз кіруіне жол беретін тұлғалар жазаға  тартылады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандармен және олардың қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік    іс-шаралар өткізіледі.

«Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық  іс-шарасы  25 сәуірге дейін жалғаспақ.       

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!