​Жыл сайын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №68 мекемесінде дәстүрлі түрде ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күні атап өтіледі. Бұл 130-дан астам ұлт өкілі тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін қажетті достық, түсіністік пен келісім мерекесі.

​Осы орайда, №68 мемлекеттік мекемесінде жасақ бастығы әділет лейтенанты Р.Әлмаханның ұйымдастыруымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Бірлік-татулық мекені» тақырыбында іс-шара өтті.

​Бұл шарада сотталған азаматтар бір-біріне жылы лебіздерінің білдіріп, жазасын өтеуші азаматтар болсада бір шаңырақтың астында татулық пен ынтымақтастықпен өмір сүруде. Осы негізде ақпараққа қолдарын бояу арқылы өздерінің алақандарнының іздерін қалдырып, жатақхана қабырғасына ілді. 

​Шара соңында сотталғандар бірлік пен татулықтың белгісі ретінде бір-бірімен құшақтасып, ізгі тілектерін, ыстық ықыластарын арнады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!