Жемқорлық – ау­қым­ды мәселенің бірі. Қай қоғамда болмасын жемқорлық қылмыстары болып жатады және бар. Бұл бағыттағы күресте жүйелі. Сы­байлас жемқорлыққа қарсы қыз­мет азаматтарды жем­қорлықтан қорғайтын ашық, кә­сіби және тиімді құ­қық қор­ғау органы болу үшін шара­лар қабылдауда. Сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы орган қызме­тінің 70%-ы парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, ал 30%-ы жазалау ша­ра­ларына бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мәдениетті қалыптастыру маңызды. Жем­қор­лық фактілері бала­бақша мен мектептерде орын алуы мүмкін. Баланың нашар баға сынақ­ша­мен жабу немесе емтихансыз үздік мектепке түсу және тағысын тағы. Сондықтан ата-ана сондай кезде баланың өз білімі қандай дәрежеде бағаланады, соған көндігуді, өз білі­мі­мен оқуға түсу керегін, жалпы білім­нің маңызын түсіндірсе, жем­қорлық іс-әрекеттері азаяды. Баланың сана-сезімінде жемқорлыққа тиым салынады.
Екіншіден, орта білім беретін ұйым­­дарда, ЖОО «Антикорлық сауат­­тылық» атты сыбайлас жем­қор­­лыққа қарсы пән оқыту қажет. Бұл пәнде жемқорлықтың зияны, оған тағайындалатын жа­за­лар жә­не т.б. тақырыптар оқы­тылып, бола­шақ ұрпақ­тың сана-сезіміне жем­­қорлықтың кесірін, қаупін ұғын­ды­руына көмек береді.
Үшіншіден, пара алу орын алған жағ­дай­ға куә болған (дәлелімен) адам сенім телефондарына хабарласса, оған сыйақы тағайындау немесе сертификат берілуі де көп көмектесер еді. Жемқорлықтан жапа шегіп, оны жария етуге қорқатын адамдарға арналған арнайы қосымшаның жасалуы да күн тәртібіне енуі тиіс.
Төртіншіден, 9 желтоқсан – халық­аралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру тоқтамау керек. Ол іс-шара­ларды жай бір сарынды өтпей, түрлі форматта: дөңгелек үстел, бейнеролик марафоны, жарыс түрлерінде және т.б. өткізу. Теледидар, әлеуметтік желілерді пайдаланып, жемқорлық жайлы ақпараттар берілсе, қоғам мен халық санасына сәл де болсын жем­қорлыққа қарсы ой қалыптасады.
Сыбайлас жемқорлық мәселені шешу­дің тиімді тәсілі болғанымен, ауыр қылмыс. Адам өз­гер­мей қоғам өзгермейді.

Ақжелкен ЖАНСЕЙІТ,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық
жоғары колледжінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!