Жетісу облысында қуаты 2-3 балл болатын жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция мамандары.

«ТЖМ «СОМ» ЖШС сейсмикалық станция желісінде 30 қазанда сағат 00:08-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 241 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. MPV магнитудасы – 4.9. Тереңдігі – 25 шақырым.

Сонымен қатар, Қоңырөлең кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі байқалған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!